Қарағанды облысындағы жеті учаскеде жиі апат болатыны анықталып, ескерту белгілері қойылды. Енді республикалық маңызы бар жолға алыстан көрінетін үлкен ақпараттық экран орнатылып, онда облыстың әр өңіріндегі ауа райы мен жолдың жабылғаны туралы мәлімет көрсетіледі. Мысалы, егер Теміртауда жол жабылса, кептелістің алдын алу үшін қозғалысты Балқашта да шектеуі мүмкін. Бұдан бөлек, трассаларда жылдамдықты шектейтін электронды белгілер пайда болды. Олар ауа райына қарай жылдамдық режимін автоматты түрде реттейді. Сонымен қатар кейбір аса қауіпті учаскелерге қызыл сызық салынды. Мұндай сызық әзірге тек Қарағанды өңірінің жүргізушілеріне ескерту береді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.