Жамбыл облысында жол-көлік оқиғаларындағы өлім-жітім 26 пайыз кеміген. Былтыр 241 адам жол апатынан ажал құшса, биыл бұл көрсеткіш 182-ге түскен. «Бұл профилактикалық шаралардың нәтижесі», — деп отыр тәртіп сақшылары. Мысал үшін, өңірдегі 36 қауіпті жол учаскесінде арнайы белгілері жоқ қызметтік көліктер жасырын патрульдеу жүргізуде. Жол ережесін бұзушыларды анықтауда полицейлер жаңа технологияларды тиімді пайдаланып жүр. Мәселен, дрондардың көмегімен биыл 1800 құқықбұзушылық тіркелді. Полицейлердің мәліметінше, адам өліміне әкелетін жол апаттарының негізгі себептері – жылдамдықты асыру, қарсы бетке шығу және көлік жүргізушілерінің рөлде ұйықтап кетуі.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.