Бразилияда көлемі жұмыртқадай бұршақ жауды

Бразилияның оңтүстігінде баланың басын оятындай бұршақ жауды. Көлемі жұмыртқадай, жаубұршақ деуге де болады. Әрине, адам баласы табиғат тылсымына қарсы тұруға қауқарсыз. Соның кесірінен электр сымдары үзіліп, жұрт жарықсыз қалды. Біраз үй мен көліктің талқаны шыққан. Көгеріп жатқан көк өскін түйнегінен, дәнінен, дәнегінен айырылып қалған. Ал жергілікті билік табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккендер туралы мәлімет таратқан жоқ.
———————————————