Мұндай тасқын Таиландта соңғы 100 жылда болмаған

Алапат су тасқыны енді Таиланд тұрғындарын әбігерге салып жатыр. Толассыз жауыннан болған табиғат апатынан елдің 10 провинциясы зардап шекті. 10-ға жуық адам опат болды. 700 мыңдай үйге зақым келген. 100-ден астам елді мекенде ішінара жарық өшіріліп, ғаламтор және сумен жабдықтау жүйесі істен шықты. Билік өкілдерінің айтуынша, мұндай тасқын Таиландта соңғы 100 жылда болмаған. Қазір мыңдаған азамат қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Арасында шетелдік туристер де бар.
———————————————