«Қайрат» футболшылары Данияда. Жігіттер алғашқы жаттығуын өткізді. Ертең алматылық ұжым Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші тур аясында «Копенгагенге» қарсы матч өткізеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 22:45-те басталады. Айта кетейін, төрт турдан кейін екі команда да бір-ақ ұпайдан. Турнирлік кестеде «Копенгаген» 33-орында, ал «Қайрат» 34-орында тұр.
Тағы бір жайт, футболшыларымызбен бірге Данияда алматылық полицейлер де жүр. Олар халықаралық матчтарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жүйесін зерттеу үшін барды. Яғни стадион инфрақұрылымы, өткізу тәртібі, жанкүйерлер қозғалысының маршруттары, құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары және қауіпсіздік қызметтерінің өзара іс-қимылы бойынша тәжірибе жинайды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.