18 ТІСТЕН ӨКІНІШ
Астанада жеке стоматология маманы бір жолда үш жасар бүлдіршіннің 18 тісін емдеймін деп өлтіріп алған. Бүгін осы қайғылы оқиғаға байланысты сот отырысы басталды.
ЕҢ АРЗАН ЕТ
Астанада ең арзан етті қайдан сатып алуға болады? Біздің арна тілшілері мамандардан сұрап білді. Сәлден соң айтамыз.
ҚАСҚЫР ҚАПТАДЫ
Бәйдібек ауданында бір үйір қасқыр жайылымдағы малды тамақтап кеткен. Тұрғындар қас қарайғанда сыртқа шығуға да қорқады. Өйткені қалың көкжал ауыл маңын төңіректеп жүр.
СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕС
Түрікменстан – стратегиялық серіктес, бауырлас мемлекет, ең жақын шекаралас көрші. Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Сердар Бердімұхамедовті Мемлекет басшысы Ақордада қарсы алып, келіссөз жүргізді.
КӨНЕ КӨЛІК МҰРАЖАЙЫ
Көне көлік мекені. Қонаевта ескі автомобиль жинайтын азаматтың жеке мұражайы тағы толықты. Оның меншігіндегі ең ескі көліктің шыққанына бір ғасырға жуықтаған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.