Қарағандыда 5 жолаушының өліміне себепкер болған жүргізуші 5 жылға сотталды

Қарағандыда 5 адамның өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына қатысы бар жүргізушіге сот үкімі шықты. Қайғылы жағдай 15 қыркүйекке қараған түні Қарқаралы – Қарағанды тасжолында болған еді. 33 жастағы айыпталушы жолай бір отбасының 5 мүшесін мінгізіп алады. Сөйтіп жүк көлігін басып озбақ болады. Бірақ қарсы бағытта келе жатқан көлікке соқтығысады. Ірі апат өрге шығар кезде, басып озуға тыйым салынған жерде болған. Салдарынан Ford көлігіндегі үш жолаушы және қарсы бағытта келе жатқан көліктегі екі адам оқиға орнында қаза тапты. Екі бала ауыр жарақат алды. Осыған байланысты судья жүргізушіні 5 жылға бас бостандығынан айырды.
БЕКЗАТ ШАЛҒЫМБАЕВ, СУДЬЯ:
— Осы іске қатысты бап бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. Айыпталушының әрекетінде жеңілдететін мән-жайлар болғандықтан, сот ең жоғарғы мерзімнің жартысынан артық жаза тағайындай алмайды.
———————————————