Астанада автобуста газ шашқан жігіт 5 тәулікке қамалды

Астанада жүргізуші автобусты тоқтатуға мәжбүр болды. Өйткені жолаушылар бірінен соң бірі жөтеліп, тұншыға бастаған. Сөйтсе, жас жігіттер араздасып, бірі газ шашқан. Қоғамдық көлікті тоқтатып, есігін ашып, желдетіп, полиция шақырған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ, медициналық көмек те қажет болмады. Бұзақы жолаушыларды әбігерге салғаны үшін 5 тәулікке қамалды.
———————————————