Түркістанда мемлекеттік субсидияны заңсыз иемденгендер сотталды

Түркістанда мемлекеттік субсидияны заңсыз иемденгендер сотталды. Еңбек мобильдігі орталығының бұрынғы директоры, бөлім қызметкері және бірнеше коммерциялық ұйым басшысы 78 адамды жалған түрде жұмысқа орналастырып, 49 млн теңгеден астам бюджет қаржысын жымқырған. Олар кәсіпкерлердің электронды цифрлық қолтаңбаларын пайдаланып, жоқ лауазымдарға өтінім жіберген. Жұмысқа қабылдау туралы жалған бұйрық шығарып, табельдерді қолдан толтырған. Жиналған қаражатты кәсіпкерлер қолма-қол ақшаға айналдырып, өзара бөлісіп отырған.
———————————————