Бұған дейін Алматы облысының Іле ауданындағы 6 мыңнан астам тұрғыны бар Ақши елді мекені ауызсусыз қалғанын айтқан едік. Ауылға орталықтандырылған құбырмен су келмегеніне үш аптадан асты. Содан бері халыққа тіршілік нәрі Шабыт ауылы мен облыс орталығы Қонаевтан арнайы көлікпен тасымалдануда. Жергілікті атқарушы органдар қақаған қыстың ортасында Ақши халқы ауызсусыз қалмауы үшін мердігерді анықтап, ұзындығы 2,6 шақырым болатын ескірген ауызсу құбырын шұғыл ауыстыру туралы шешім қабылдады.
НҰРИСЛАМ САЙЛАУБАЕВ, МЕКЕМЕ БАСШЫСЫ:
— Жөндеу жұмыстарының жүріп жатқанына19 күн болды. Шамамен бір аптадан кейін жөндеу жұмыстары аяқталады. Егер барлығы жақсы болса, бір аптадан кейін су барады. Енді бұл құбырды толық ауыстыру керек. Толық ауыстырмаса осылай жарыла береді, тозығы жеткен құбыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.