Өскеменде ауа сапасын қадағалайтын 25 бекет орнатылады

Шығыс Қазақстан облысында экологиялық бағдарламаны жүзеге асыруға 10 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалмақ. Бұл ақпаратты жергілікті билік растады. Жоба аясында тек Өскемен қаласында ауа тазалығын қадағалайтын 25 стацонарлық бекет орнатылады. Ал өндірістік кәсіпорын шығаратын зиянды қалдық 20 пайызға дейін кемімек. Алайда тәуелсіз экологтар бұл бастама тиімді нәтиже береді дегенге сенбейді. Олар: «Жылу электр станциясы мен металлургия зауытында әлі күнге заманауи газ тозаң есептегіші жөнделген жоқ. Сонымен қатар 11 коммуналдық кәсіпорын ауаға шығарылатын зиянды қалдық көлемін бақыламайды. Екі жылдан асса да, кейбір жылу беру орталығында бақылау есептегіштері орнатылмаған», — дейді.
———————————————