Дәрігерлерге шабуыл жасағандар енді 12 жылға дейін сотталуы мүмкін. Бүгін Мәжілісте тиісті заң жобасы қаралды. Құжатқа сәйкес, қылмыстық кодекске жеке бап енгізу мәселесі талқыланды. Заң жобасында медицина қызметкері мен жедел жәрдем жүргізушісіне қызмет бабында күш қолданғандар қатаң жазаланатыны айтылған. Қысым көрсеткендер 4 млн теңгеге дейін айыппұл төлеуі мүмкін. Сондай-ақ айыпталуышға осы сомадағы түзету жұмыстары және үш жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ:
— Өздеріңіз білетіндей, қоғамда дәрігерлер ғана емес, қоғамдық көлік жүргізушілері, қоғамдық тамақтану қызметкелері және басқа да мамандар шабуылға ұшырайды. Медицина саласының мамандарын ерекше бөліп көрсету қаншалықты орынды?
АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ.
— Ресми статистика осындай 280 жағдайдың болғанын көрсетеді. Ал тіркелмеген жағдайлар одан да көп. заңмен қорғалған арнайы субъект ретінде шығарылған мамандықтармен салыстыратын болсақ, дәл осы медицина қызметкерлері ең көп шабуылға ұшырайды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.