Мемлекет басшысы Бішкек қаласына барды

Мемлекет басшысы Бішкек қаласына барды. Қасым-Жомарт Тоқаевты Манас әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы, Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.
Айта кетейік 27 қарашада Бішкекте Қырғызстанның төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы кеңесінің кезекті сессиясы өтеді. Мемлекет басшысы сол жиынға қатысады.
———————————————