Астанадағы Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде енді әр сарбаздың жеке кураторы болады. Ол жауынгердің моральдық-психологиялық тұрақтылығын бақылап, қызметке жылдам бейімделуіне көмектеседі. Айта кетейік, бүгінде елордадағы әскери бөлімде 1,5 мыңнан аса сарбаз Отан алдындағы борышын өтеп жатыр. Бір айлық дайындықтан кейін жас жауынгерлер Астана көшелерінде қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігін күзетеді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.