БОСТАНДЫҒЫ ШЕКТЕЛДІ
Қарағандыда 5 жолаушының өліміне себепкер болған жүргізуші 5 жылға сотталды. Ол жылдамдықты арттырып, қарсы бетке шығып кеткен.
ҚАҒАЗ ЖҮЗІНДЕГІ МАМАН
Түркістанда қағаз бетінде 78 адамды жұмысқа тұрғызып, 50 миллиондай қаражатты қалтасына басқан бірнеше адам төлемді толық қайтарады. Оның ішінде директор де, кәсіпкер де бар.
АУЫЗСУ ҚАШАН БЕРІЛЕДІ?
6 мыңнан астам тұрғыны бар Ақшида ауызсу жоқ. Алматы облысына қарасты ауыл көрші мекеннен су тасып ішіп отыр. Қыстың көзі қырауда қайтпек?
ТОР МЕН СОТ
Ақтөбе әкімдігі Абай саябағын жөндемеген мердігерді сотқа берді. Ал тұрғындар тормен қапталған субұрқақ қала көркін бұзып тұр дейді. Нысанға бөлінген 200 млн теңге қайда?
ФЕРМЕРГЕ ЖАҢА МҮМКІНДІК
Ауыл шаруашылығындағы жаңа мүмкіндік. Павлодардағы жылыжай кешенінде биологтар этномофаг өсіріп, химиясыз өнім алуға көшті.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.