Балабақшада баланы тұншықтырып ұйықтатқан әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды

«Айгөлек» бөбекжай-балабақшасында баланы тұншықтырып ұйықтатқан әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Баланы жұлқылап, көрпемен бетін жауып жатқаны бейнебақылау камерасынан анық көрінеді. Мұнда «психикалық және сөйлеуі тежелген» диагнозы бар тәрбиеленушілер жүр. «Ұйықтатамын» деген желеумен баланың өміріне қауіп төндірген 1987 жылғы тәрбиеші бұған дейін ресми түрде декреттік демалыста болған. Осы оқиғадан соң қайтадан декретке кеткен. Ал жәбірленуші тарап баласының психологиялық жағдайының күрт нашарлағанын айтып, бұл- тәрбиешінің енді ешқашан, балалармен жұмыс істемеуін талап етіп отыр.
———————————————