Майқайыңда 4 адамның өмірін қиған апатқа байланысты сот үкімі шықты. Ол Екібастұз қалалық сотында жарияланды. Өткен жылы 4 қаңтарда болған қасіретті апаттан соң, алты адам күдікті қатарына қосылған еді. Олар – кәсіпорынның бұрынғы бас директоры мен бірінші орынбасары, шахта директоры және бас инженер, екі учаске басшысы. Бұрынғы бас директор төрт жылға, өзгелері 3 пен 3 жарым жыл аралығында бас бостандығынан айырылды. Олардың ішінде біреуінің жасы үлкендігіне байланысты бас бостандығы шектеледі.
АЙЖАН БАЙГОНШЕКОВА, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
– Сот үкімі бойынша «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет» бабы бойынша кінәлі деп танылдыңыздар. Сіздердің кінәларыңыз сот тергеуінде ұзақ уақыт бойы зерттелген іс бойынша жиналған деректер жиынтығымен дәлелденген.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.