Талдықорғанда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Айзат Жұманованың өліміне қатысты алдын ала сот тыңдауы басталды. Басты күдікті – марқұмның күйеуі, жоғары білімі бар. Ол осыған дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеген. Баласаз ауылындағы оқиғада біреу атпен сүйреп өлтірді десе, бірі ауыр соққыдан көз жұмды дейді. Сорақысы, бұл жағдай баласының көзінше болғаны расталды. Облыстық ауруханаға өзі апарған. Алайда 32 жастағы әйел жансақтау бөлімінде көз жұмған. Сот-медицина сараптамасы марқұмның бас сүйегі жараланып, аяқ-қолы сынған деген қорытындыға келген. Процесс кезінде қорғаушы тарап, тыңдауды жабық форматта өткізуді сұраған. Алайда судья өтінішті қанағаттандырмады. Ал күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Айта кетейік, негізгі сот отырысы 5 желтоқсанға белгіленді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.