Қостанай облысында орманды заңсыз кесу схемасы әшкере болды. Полицейлер прокуратурамен бірлесіп, ағаш дайындау және оны өткізу бойынша күдікті топтың әрекетін тоқтатты. Фигуранттар қарағай тұқымдас ағашты дайындап, кейін оны өткізіп отырған. Тергеу іс-шаралары барысында арнайы техника, көлік құралдары, дайындалған ағаш, сондай-ақ шикізатты дайындау және айналымына қатысты құжаттар тәркіленді. Полицияға 20 адам жеткізілді. Қазір кесілген орманның нақты көлемі және мемлекетке келтірілген залал мөлшері анықталып жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.