Елдегі барлық су ресурсы ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғалуға тиіс. Бүгін Сенат отырысында депутаттар осы мәселені талқылады. Сенаторлар «1992 жылғы Шекара аралық су мен халықаралық көлдерді қорғау жөніндегі конвенцияға Су және денсаулық мәселесі туралы хаттаманы ратификациялау» бойынша заңды мақұлдады. Ол су экожүйелерін қорғауға және сумен байланысты аурулардың таралуының алдын алуға бағытталған бірлескен шараларды қамтиды.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, СЕНАТ СПИКЕРІ:
– Мақұлданған хаттама су шаруашылығы қызметін басқаруды ұжымдық негізде жетілдіру үшін әзірленген. Құжат тараптардың су экожүйелерін қорғауға және сумен байланысты аурулардың таралуының алдын алуға бағытталған бірлескен шараларды қамтиды. Олар ауыз су көзі ретінде пайдаланылатын су ресурстарын ластанудан қорғауды қамтамасыз етуді көздейді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.