Гонконгтағы алапат өрт: үш күдікті қамалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Гонконг қаласында болған алапат өрт салдарынан азаматтардың қаза табуына байланысты Си Цзиньпинге және барша Қытай халқына көңіл айтты.

Кеше көпқабатты тұрғын үй кешені отқа оранған. 44 адам опат болды. 45-ін күйік шалды. 300-і ұшты-күйлі жоқ. Алапат өрт Тай По ауданындағы 8 блокты «Ван Фук» тұрғын үй кешенінен шыққан. Онда шамамен 2 мың пәтер бар. 4 мыңға жуық адам тұрады. Қазір 700-ден астам адам уақытша баспанаға орналастырылған. Қала түні бойы дамыл тапқан жоқ. Өрт сөндіру жұмыстары 15 сағат бойы жалғасты. Әзірге оқыс оқиғаға не себеп болғаны белгісіз. Адам өліміне себепші деген күдікпен 3 адам қамалды.
———————————————