Вашингтонда Ақ үйдің жанында атыс болды

Вашингтонда тапа-тал түсте Ақ үйдің жанында атыс болды. Одан ұлттық гвардияның екі сарбазы жараланды. Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, түскі екіде бәз біреулер Фаррагут алаңы мен метро бекеті маңында қызметтік патрульде жүрген сарбаздарға оқ жаудырған. Сол сәтте осы маңайда жүрген Ұлттық гвардияның өзге әскерилері тез жетіп, күдіктіні ұстады. Бейнебақылау жазбаларына қарағанда қаскөй жалғыз әрекет еткен. Федералды тергеу бюросы оны Ауғанстаннан келген босқын деп хабарлады. Бұл оқиғадан құлағдар болған Дональд Трамп Пентагонға Ұлттық гвардияның тағы 500 сарбазын АҚШ астанасына алдыруды бұйырды.
———————————————