Астанада бүгін әлемнің үздік онкологтары бас қосты. АҚШ, Франция, Қытай және өзге де елдерден келген 400-ден астам маман халықаралық ғылыми конференцияға қатысты. Шара аясында шетелдік дәрігерлер тіліксіз операция жасау бойынша шеберлік сабақтарын өткізді.
Көпсалалы медициналық орталықта өкпесі зақымданған науқасқа тіліксіз операция жасалды. Оны Қытайлық профессор-нейрохирург жүргізді. Мәселен, Чанджоу қаласындағы медициналық клиникаларда жыл сайын өкпе, өңеш және кеуде қуысының ағзаларына 300 мыңға дейін күрделі операция орындалады. Мұндағы мамандардың тәжірибесі мол, ал қолданылатын әдістері жаңа медициналық технологияларға негізделген.
НАЙ ЮУАН ШАО, НЕЙРОХИРУРГ /ҚЫТАЙ/:
– Операция кезінде медициналық құрал-саймандарды барынша аз қолдануға тырысамыз. Бұл науқастың тез оңалып, қалыпқа келуіне оң әсер етеді. Сонымен бірге экран арқылы роботтың көмегімен күрделі операциялар да орындалады. Бүгін нейрохирургиядағы озық тәсілді қазақстандық дәрігерлерге шеберлік сабағы форматында көрсетіп жатырмыз.
Айта кетейік, елімізде онкологиялық аурулардың ішінде сүт безінің қатерлі ісігі, өкпе ісігі және ас қорыту жүйесінің ісіктері алдыңғы қатарда тұр. Науқастардың көбінде дерт асқынған кезде ғана анықталады. Мұндай жағдайда кейбір операцияларды жасау тым кеш болуы мүмкін. Сондықтан мамандар: «Ерте диагностика мен тұрақты тексерістің маңызын ерекше», — дейді.
ЕРХАН ӘБІТАЕВ, КӨПСАЛАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:
– Ерекшелік қолданатын инструментерге байланысты. Бұл кісілер көбіне инстурментті аз қолданады. Реабилитация оңай болады,
АҚШ, Франция, Түркия, Қытай және Польшаның жетекші нейрохирургтері мен окологтары қатысқан жиында қатерлі ісікті ерте анықтау жолдары, жаңа емдеу әдістері талқыланды. Өкпе, өңеш, кеуде қуысы ағзаларына тіліксіз операция жасау бойынша бірқатар шеберлік сабағы өткізілді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.