Қарағанды тұрғындарды тойхана иесі алдап кеткен | 27.11.2025

БАЛАНЫ ТҰНШЫҚТЫРҒАН
Баланы тұншықтырған. Семей қаласындағы балабақшада тәрбиеші бес жастағы ұлды тұншықтырып ұйықтатпақ болған. Ата-аналар оқиғаны жіті тексеруді талап етті.

ТОЙ ДА, АҚША ДА ЖОҚ
Арзан тойдың айласы қымбатқа шықты. Қарағандыдағы ондаған отбасы 30 миллион теңге төлеп, тойсыз қалды. Өйткені мейрамхана жабық тұр.

АТПЕН СҮЙРЕУ ОҚИҒАСЫ
Жетісу облысында күйеуі атпен сүйреп өлтірді деп айтылған Айзат Жұманованың мәйітіне эксгумация жасалып, кісі өлтіру бабымен сот басталды.

ҚАУІПСІЗДІК САММИТІ
Бішкекте Ұжымдық қауіпсіздік келісім ұйымы аясында халықаралық және аймақтық қауіпсіздік мәселесі қаралды. Алты мемлекет 50 құжатқа қол қояды.

ОНКОЛОГТАР БІРІКТІ
Елордаға әлемнің білікті онкологтары жиналды. Олар көпсалалы медициналық орталықта операция жасап, озық тәжірибесімен бөлісті. Халықаралық конференция жайлы сәлден соң.
———————————————