Ақмола облысында сталкинг дерегі бойынша алғаш рет қылмыстық іс қозғалды. Оқиға Макинск қаласында болған. Бұрынғы сүйіктісі 44 жастағы әйелдің қыр соңынан қалмай қойған. Бұл жағдай бірнеше айға созылған. Басқан ізін аңдып, әртүрлі нөмірден телефон соғып, жұмысына, үйіне барып, қоғамдық орында көлденеңдеп жүрген. 38 жастағы ер адамның бұл әрекеті әйелдің өміріне қауіп төндіре бастаған. Осыдан кейін ол құзырлы орган өкілдерінен көмек сұраған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.