Қарағандыда кісі қарасы көп көшеде бес көлікті соққан кәсіпкер ісі бойынша аппелиялық сот өтіп жатыр. Алғашқы сотта күдікті 2,5 жылға сотталған болатын. Алайда зардап шегуші тарап бұл тым жұмсақ жаза деп отыр. Былтыр күзде кәсіпкер сағатына 150 шақырым жылдамдықпен жүйткіп келіп 5 көлікті қаққан. Жол апаты қаланың қақ ортасында, тал түсте болған. Сараптамада күдіктінің сау болғаны анықталды. Апат салдарынан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының 40 жастағы жүргізушісі қайтыс болды. Тағы бір көлікте болған екі адам жарақат алды. Басқа да адамдар зардап шеккен. Күдікті апат болар кезде өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалғанын айтып ақталған. Дегенмен кәсіпкер келесі аптада бостандыққа шығады. Өйткені ол сот біткенше уақытша ұстау изоляторында жазасын өтеп қойған. Ал аппелияциялық алқа қандай шешім шығаратыны белгісіз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.