Зергерлік бұйымдарды ұрлады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Стамбұлда ұсталды. Ұсталған әйел 33 жаста. Оны Интерполдың Қазақстандағы ұлттық бюросының сұрауы бойынша қолға түсірген. Тергеу дерегіне сәйкес, ол Астанадағы ломбардта жұмыс істеп жүріп, ұзақ уақыт бойы зергерлік бұйымдарды жымқырып келген.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.