Өскеменде көше тазалаушы тапшы

Өскеменде көше тазалаушы тапшы. Коммуналдық кәсіпорынға 60-тан астам жұмыс күші керек. Қазір 218 жұмысшы тынымсыз еңбек етуде. Әрқайсысына 200 гектардан астам аумақ бекітілген. Мәселені тезірек шешу үшін жергілікті билік, коммуналдық қызметтерді қаржыландыру жағын қайта қарауға дайын. Қосымша еңбекақы, түнгі ауысым мен артық жұмыс уақыты үшін үстемақы енгізбек. Желтоқсанның соңына дейін қалалық бюджеттен 10 млн теңге бөлу жоспарланып отыр.
———————————————