Мүгедектік тобын енді жасанды интеллект анықтайды

Мүгедектік тобын енді жасанды интеллект анықтайды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі диагнозды растауға қажет бүкіл медициналық деректерді цифрландыруға кіріскен. Жасанды интеллект азаматтың медициналық картасындағы деректерді талдап, қандай мүгедектік тобы сәйкес келетінін алдын ала ұсынады. Ал соңғы шешімді арнайы комиссия шығарады. Жауаптылардың айтуынша, бұл жаңашылдық процесті жеделдетіп қана қоймай, адами факторды азайтады. Пилот нәтижесі оң болса, жүйе еліміздің барлық өңірлеріне енгізілмек. Бұған қатысты халықтың пікірін білдік.
———————————————