Петропавлда күдіктіні танитын Face ID жүйесі бар камералар іске қосылды

Петропавлда адамды жүзінен танитын камералар іске қосылды. Жасанды интеллектімен жабдықталған бейнебақылау жүйесі әзір сынақ режимінде жұмыс істеп тұр. Ақылды құрылғы іздеуде жүрген сезіктілерді, жоғалған азаматтарды оңай анықтайды. Яғни «Face ID» жүйесі күдіктіні байқап қалса, ол туралы толық ақпарат дереу облыстық жедел басқару орталығына түседі. Жоба тиімділігін көрсетсе, болашақта тағы бірнешеуі сатып алынбақ.
———————————————