Бейжіңде халықаралық аудиовизуалды конференция өтіп жатыр. Оған «Жетінші арна» делегациясы қатысты. Биылғы басқосуда жасанды интеллект секілді жаңа технологиялардың дамуына басымдық берілді. Біздің арнамыз үздік жобаларын ұсынды. Солардың бірі – Қытаймен бірлесе түсірілген «Іледе күтемін» телехикаясы. 8 бөлімнен тұратын жаңа туындының түсірілімі биыл басталған. Қазір жобаның постпродакшн жұмыстары Бейжіңдегі студияда жүріп жатыр. Ал келер жылы ірі стримингтік платформаларда көрерменге жол тартпақ. Бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени байланысты тереңдетуге тың серпін бермек. Конференция аясында медиа саласының алпауыттары тәжірибе алмасып, халықаралық әріптестікті одан әрі нығайту жолдарын да талқылады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.