ҚҰРТ ҚОСЫЛҒАН БОТҚА
Мектеп асханасындағы тағам дәмсіз, құнарсыз. Оқушылар құрт-құмырсқа қосылған ботқа да жеді. Петропавлдық ата-аналар кәсіпкер-аспазды ауыстыруды талап етті
СТАЛКИНГ СҰМДЫҒЫ
Ақмола облысында 44 жастағы әйелдің қыр соңынан қалмай қойған жігіт сталкинг бабымен жазаланады. Басқан ізін аңдып, үнемі мазалап, әртүрлі нөмірден телефон соққаны үшін оның үстінен қылмыстық іс қозғалды
ОҚУШЫ ТАҒДЫРЫ
Түркістан облысы Ақбастау ауылындағы мектеп от жағып отыр. Дәретхана да сыртта. Ата-аналар ескі ғимараттың төбесі ойылып, балаларымыздың үстіне түсе ме деп қорқады.
МҮГЕДЕКТІКТІ ЖИ АНЫҚТАЙДЫ
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жасанды интеллект моделін сынақтан өткізіп жатыр. Ақылды жүйе мүгедектік тобын қашықтан анықтап, қағазбастылықтан құтқарады деген үміт бар.
ТЕЛЕВИЗИЯ БОЛАШАҒЫ
Интеллектуалды трансляция. Болашақ технологиясы. Бейжіңде әлемнің медиа алыптары телевизия келешегін талқылады. «Жетінші арна» басшылығы да тың жоба ұсынды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.