Жасөспірімдеріміз ерледі. Шахматтан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 5 алтын алды. Бангкокта өткен додаға 33 елден шамамен 700 адам қатысқан. Бір апта бойы жас шахматшылар рапид, классика және блиц бойынша сайысқа түсті. Қазақстан спортшылары жалпы есепте 11 медаль иеленді. Бес жерлесіміз Азия чемпионы атанды. Сондай-ақ күміс және қола медаль алғандар бар. «Бұл көрсеткіш отандық шахмат мектебінің дайындығы жоғары және қазақстандық спортшылардың халықаралық аренада бәсекеге қабілетті екенін тағы бір мәрте дәлелдеді», — дейді мамандар.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.