Семейде пранк жасаған жігітті спортшы қыз жамбасқа салып лақтырды

Семейде пранк жасамақ болған жігіт спортшы қыздың қарсылығына тап болды.
Пранкер көшедегі жұрттың қаншалықты назар аударатынын тексеру үшін, «бала ұрлау» жайлы әлеуметтік эксперимент жасамақ болады. Сол кезде көмек сұрап, шырылдаған кішкентай қызға Нұрай есімді бойжеткен көмекке барады. Әп-сәтте әлгі пранкерді асау жамбасқа салып, лақтырып жібереді. Ойда жоқта, жауырыны жер иіскеген жігіт мұның қалжың қойылым екенін әзер түсіндіреді. Оны сендіру үшін видеоны түсірген оператор барып, камерасын көрсеткен. Ал Нұрай кәсіби дзюдошы болып шықты. Ойыннан от шығады. Енді бұл жағдай пранкерге сабақ болуы тиіс.
———————————————