СҚО-да баланы түлкі талай жаздады

Солтүстік Қазақстан облысында түлкі қаптады. Жабайы аң елді мекендерге еркін кіріп, адамдарға да шабуылдай бастаған. Бескөл ауылында 12 жастағы баланы талай жаздады. Әбден шошып қалған оқушы қазір құтырма ауруына қарсы ем қабылдап жатыр.
Бескөл ауылының тұрғыны Алтын Жұмағұлованың баласын өткен аптаның соңында түлкі талай жаздаған. Кешкісін көшеде келе жатқан аң оқушыға шап берген.

АЛТЫН ЖҰМАҒҰЛОВА, БЕСКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
— Шошып жылап келді. Не болды десем, шошып айта алмай тұр. Ауруханаға апардық. Дәрегерлер түлкі тістемеген соң, екпе қоймайтындарын айтты. Сосын екінші күні хабарласып, бәрібір екпе салу керек деді.

ӘМІРХАН СОВЕТОВ, БЕСКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
— Түлкі артымнан келіп жармасты. Не істерімді білмей қалдым. Айғайлайын десем, дауысым шықпады. Шалбарымды жыртты. Әйтеуір көшедегі итті көріп, соған қарай ұмтылған кезде қашып құтылдым. Қазір енді мектепке жалғыз баруға қорқамын.

Қу түлкі аулаға кіріп, ит-мысықтарды да талай бастаған. Жергілікті халық аңның бұрын-соңды мұнша еркінсімегенін айтады. Сондықтан жауаптылардан шара қабылдауды сұрайды.

ЗЕНИЛҚАБИДЕН ДАНИЯРОВ, БЕСКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
— Түлкілер көп. Адамнан қорықпайды. Көшеде жүгіріп жүреді. Балаларымыз қорқады.

Ветеринарлардың айтуынша, жыртқыштың көбеюіне ауа райының қолайлы болуы себеп. Ал оларды атуға заңмен тыйым салынған.

Түркінің ауылды еркін аралауын тұрғындар жақсылыққа жорымайды. Оның адамнан қорықпауы – сирек кездесетін құбылыс. Құтырған болуы мүмкін.
———————————————