Астанада құрылыс компаниясының өкілдері қамауға алынды

Шамамен 8 миллиард теңге жымқырған. Астанада құрылыс компаниясының өкілдері қамауға алынды. Қаржы мониторинг агенттігі мәліметінше, күдіктілер пәтерлер мен коммерциялық нысандарды «арзан бағамен» сатып аласыз деп, азаматтарды алдап келген. Алайда жалған құжаттар мемлекеттік тіркеуге жатпайды және сатып алушыларға меншік құқығын бермейді. Салымшылар қаражатты күдіктілердің жеке шоттарына аударып отырған. Ал бұл операциялар мекеменің бухгалтерлік және банктік құжаттарында мүлдем көрсетілмеген.
———————————————