Алматы – Өскемен тасжолында 11 көлік апатқа ұшырады

«Алматы – Өскемен» тасжолында қою тұман салдарынан- көктайғақ болып, 11 автокөлік- жол апатына ұшырады. Кей жүргізушілер рөлге ие бола алмай, аударылып қалған. Таңғы мезгілде болған жол апатынан бірнеше адам ауруханаға жеткізілді.
Таң әлетінде Қонаев қаласынан Заречное ауылына дейінгі аралықты қою тұман басып, жол лезде көктайғаққа айналды. Жүргізушілер қара жолдың үстіне мұз қатқанын байқамай қалған. Олар әдетте бұл тақтайдай тегіс тас жолмен сағатына 120-140 шықырым жылдамдықпен жүйткиді.

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының қабылдау бөліміне жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен төрт жолаушы жеткізілді. Барлық пациенттің жағдайы тұрақты.

ЕВГЕНИЙ КИМ, ҚОНАЕВ ҚАЛАЛЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:
— Бізге таңертең «Алматы – Өскемен» тасжолында 11 автокөлік соғылды деген хабарлама түсті. Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына жол апатына ұшыраған 4 жолаушы жеткізілді. Дәрігерлік тексерістен өткен соң жеңіл жарақат алғаны анықталып, барлығы үйіне жіберілді.

«Алматы – Өскемен» тасжолының 25–67-ші шақырымы таңғы 7-де жабылды. Полиция қызметкерлері Алматыға бет алған автокөліктерді тоқтатып, жүргізушілерге жолдың тайғақтығын хабарлады. Олар жол апатының алдын алу үшін 15-20 көліктен біртіндеп жіберуге мәжбүр болды. Аталған тас жол түс әлетінде ашылды. Қазір автокөліктер барлық бағытқа еркін қатынап жатыр.
———————————————