Бүгін елімізде алғашқы автокөлік лизингке берілді. Бірінші келісімшарт -Алматыдағы лизингтік компанияда жасалды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі лизингтің жылдық шекті мөлшерлемесін 36%-ке дейін бекітті. Бұған дейін 45 пайызға дейін естептелген еді. Бағдарламаның мақсаты – автокөлікті сатып алуды қолжетімді ету. Лизингтің автонесиеден айырмашылығы – көлікті алғашқы жарнасыз әрі несиесіз ұзақ мерзімге жалға алу. Келісімшарт мерзімі аяқталғанда темір тұлпарды қайта өткізуге немесе қалған берешекті өтеп, сатып алуға болады. Бұған халықтың пікірі қандай? Елорда тұрғындарынан сұрадық.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.