Алматыда Freedom Media платформасының әлемдегі бірінші онлайн-кинотеатрының толықтай Freedom SuperApp суперқосымшасына негізделген ауқымды таныстырылымы өтті. Шараға медиаиндустрия, серіктес компания өкілдері қатысты.
Freedom Media-ның 80%-дан астам белсенді пайдаланушысы контентті тікелей суперқосымша ішінде тамашалай алады. Бүгінде платформаның кітапханасында 5 мыңнан астам тайтл бар. Оған әлемдік премьералардан бастап, деректі жобалар мен ойын-сауық шоуларын мысалға келтіруге болады. Freedom Media-ға тек осы жерде бір уақытта әлемнің бес ірі студиясының контенті қолжетімді.
ТИМУР БАЙЫРОВ, FREEDOM MEDIA БАС ДИРЕКТОРЫ:
— Freedom Media – бұл экожүйенің әрі қарай дамуы, экожүйелік онлайн-кинотеатр. Мұнда бізді басқа ойыншылардан ерекшелендіретін көптеген қызықты дүние бар. Біз нарықтағы ең мықты командалардың бірін жинадық. Қазірдің өзінде әртүрлі жанр мен тақырыптағы оннан астам сериал түсірдік. YouTube-тағы қаралымнан көріп отырғанымыздай, көрермен біздің жергілікті, отандық киноны өте жақсы көреді.
Платформа қазақстандық, балаларға арналған, ақпараттық, танымдық және ойын-сауық сияқты 100-ден аса телевизиялық арнаны ұсынады. Олардың қатарында «Жетінші арна», «Хабар», BBC World News және басқалары бар. Жеке бағыт – спорт. Бұл жерде еліміздегі ең ауқымды спорт контенті топтастырылған. Спорттың 15 түрі бойынша 10 мыңнан астам трансляция — УЕФА чемпиондар лигасы, АПЛ, UFC, NBA, Формула-1 және басқа да додалар. Сонымен қатар платформада халықаралық деңгейдегі жеке дубляж студиясы жұмыс істейді.
ЕВГЕНИЙ ТЕРЕМОВ, FREEDOM MEDIA КОММЕРЦИЯ БОЙЫНША АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
— Бүгінде біз Қазақстанға 5 мейджордың бесеуін де алып келдік. Қазақстанда ұсынылған бірде-бір онлайн-кинотеатрда біздегі сияқты контенттің бай қоры жоқ. Біз әрі контент бағытын, әрі сервистің өзін, клиенттік тәжірибені жетілдіруді жалғастырамыз. Және көрерменге смартфон, ноутбук немесе теледидар арқылы экожүйенің барлық өнімімен жұмыс істеу мүмкіндік бергіміз келеді.
Биыл Freedom Media өз өндірісіндегі төрт жаңа сериалды жарыққа шығарды. Олар: «Ұлжан» музыкалық жасөспірімдер драмасы, «Қазақтың қорқынышты ертегілері» мистикалық детективі, «Адасқан» отбасылық драмасы және 90-жылдарды бейнелейтін қылмыстық сериал «MŪNAI». Бүгінде Freedom Media тек онлайн-кинотеатр емес, цифрлық экожүйе ішіндегі толыққанды медиаплатформа болуды мақсат етеді. Көрермен санының өсу қарқыны мен отандық сериалдарға деген қызығушылыққа қарағанда, жоба ел медианарығындағы позициясын нықтап келеді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.