Алматыда KazChess Masters 2025 халықаралық шахмат турнирі өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеге бірнеше елдің атақты гроссмейстерлері мен Қазақстан құрамасының үздік шахматшылары қатысты. 9 турдан тұрған шаршы тақтадағы сайыс турнир соңына дейін тартысты өтті. Көшбасшылар әр тур сайын ауысып отырды. Жүлделі орындардың тағдыры тек шешуші партияларда белгілі болды. Нәтижесінде, сербиялық гроссмейстер Алексей Сарана жарыс жеңімпазы атанды. Ал қазақстандық шахматшы Қазыбек Нөгербек 5 жарым ұпай жинап, қола медаль иеленді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.