Семейде пранк жасаған жігітті спортшы қыз жамбасқа салып лақтырды | 01.12.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

СӘТСІЗ ПРАНК
Семейде пранк жасамақ болған жігіт сазайын тартты. Кішкентай қыз баланы ұрлау арқылы әлеуметтің назарын аудармақ болған пранкерді спортшы қыз асау жамбасқа салып лақтырды.

ТҮЛКІ ТАЛАЙ ЖАЗДАДЫ
Солтүстік Қазақстан облысының Бескөл ауылында бір баланы түлкі талай жаздады. Іргеге кірген аңнан қорыққан тұрғындар шұғыл шара қолдануды сұрайды. Әйтпесе қу түлкі мал-мүлікке де ауыз салуы мүмкін.

КӨКТАЙҒАҚ
Қонаевта көктайғақ. «Алматы–Өскемен» тасжолының бойында оншақты көлік апатқа ұшырады. Күн күрт суытып, жер қатқан әрі қалың тұман орнаған. Жол сақшылары сақтыққа шақырады.

ЖАЙЫҚ ТАРТЫЛМАЙДЫ
Жайық тартылмайды. Өзен жағалай орналасқан 100-ге тарта елді мекен енді судан тарықпайды. Батыс Қазақастан облысының мамандары өзенді толтырудың тың тәсілін ойлап тапты.

МЕКТЕПТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК
Ақтөбеде террорлық әрекет жөніндегі жалған хабарлама жиіледі. Осыдан кейін қала мектептерінде қауіпсіздік күшейтілді. Бейнебақылау камералары мен дабыл батырмасы тексерілуде. Күзетке де ден қойылған.
———————————————