Ақмола облысының Қоянды ауылындағы жайлы мектепте оқитын 2 қыз баланы көлік соғып кетті.
Өткен жылы жаңадан тапсырылған жайлы мектеп ауыл шетінде. Таңертең сағат 8-дер шамасында екі қыз бала сабаққа бара жатқан. Аяқ астынан оларды көлік келіп соғады. Соққының қатты болғаны сонша, әудем жерге ұшып кеткен. Оқиға болған жерде басқа да оқушылар, ата-аналар болған. Жедел жәрдем шақырып, 11-15 жастағы қыздар Астанадағы ауруханаға жеткізілген. Қазір олардың біреуі амбулаториялық емге жіберілген. Енді бірі жарақат бөлімінде ем алып жатыр. Ал жүргізуші ауыл тұрғыны болып шықты. Ол Астанадан кезекті күзет қызметінен келе жатқан. Рульде ұйықтап кетті ме, жоқ па, оны тергеу анықтайды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.