Ақтөбеде 16 жастағы оқушы мен 27 жастағы ер адам жұмбақ жағдайда көз жұмды. Олардың мәйіті кеше түнде Елек өзенінен табылған. Екеуі де үйінен шығып кетіп, оралмаған. 10-сынып оқушысының туыстары полицияға жүгініп, бала қаланың шетіндегі моншада жұмыс істегенін айтқан. Іргесінде Елек өзені ағып жатыр. Жасөспірім осы жексенбіде түскі сағат 12-ден түнгі 12-ге дейінгі ауысымдық жұмысына кеткен, содан кейін байланысқа шықпай қалған. Осыдан соң іздеу басталды. Алдымен тәртіп сақшылары жоғалған екі адамның телефонын тапты, олар өзен жағасында жатқан. Ал судан екі мәйіт шығарылды. Тергеушілердің мәліметінше, марқұмдардың денесінде зорлық белгілері жоқ. Тергеу шаралары жалғасып жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.