Мүгедектігі бар балаларға тіл тигізген блогер қамауға алынды

Әлеуметтік желіде ерекше балалар туралы екілене сөйлеп, аналардың шамына тиген әйел қамауға алынды. Оның мүгедектігі бар балалардың аналарына тигізе айтқан сөзі көптің наразылығын тудырды. Бала құқығын қорғау жөніндегі жедел уәкіл Динара Зәкиева да пікір білдіріп, ішкі істер министрлігіне құқықтық баға беруді сұраған болатын. Осыдан кейін Астана қаласының полиция департаменті блогерге қатысты әкімшілік іс қозғалғанын хабарлады. Жазылым авторы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген. Енді ұсақ бұзақылық бабы бойынша жиналған материал сотқа жөнелтіледі.
———————————————