Алматыда ипотекаға пәтер алған азамат қиын жағдайға тап болды. Ол төрт жыл бұрын жаңа тұрғын үй кешенінен несиеге баспана рәсімдеген. Бірақ құрылысы аяқталмаған нысан енді сүрілетін болды. Себебі техникалық талаптар орындалмаған. Соған қарамастан алматылық тұрғын ай сайын 756 мың теңге иоптеканың ақысын төлеуге мәжбүр. Ал Отбасы банк бұл нысан бойынша ешқандай келісім жасалмаған деп отыр. Яғни тұрғын үй кешенінің мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік тұрғын үй жобаларына қатысы жоқ. Дегенмен банк өкілдері зардап шеккен азаматтың құқықтары заңмен қорғалатынын айтады. Қылмыстық іс қозғалған жағдайда, құрылысты жүргізген компния басшылығынан материалдық және моральдық шығын өндіруге мүмкіндік бар деп сендірді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.