Өскемендегі толып тұрған қоқыс полигонының мерзімі тағы 3 жылға ұзартылды

Өскеменде қатты тұрмыстық қалдық полигонының пайдалану мерзімі тағы үш жылға ұзартылды. Бірақ оның он жылдан бері толып тұрғаны белгілі. Мұнда мыңдаған тонна тұрмыстық қоқыс жиналған. Ал аумақтың өзі бұрыннан бері тазарту мен рекультивацияны қажет етеді. Әйтпесе антисанитариялық жағдай қалыптасқан. Жергілікті билік қоқыс өңдейтін зауыт салу үшін қазір инвестор іздеп жатыр, бірақ әзірге нәтиже жоқ.
———————————————