Ақши елді мекеніне ауызсу беріле бастады

Алматы облысының Іле ауданындағы Ақши елді мекеніне орталықтандырылған су жүйесі құбырымен ауызсу беріле бастады. Жергілікті атқарушы органдар ауыл халқы қыстың күні тіршілік нәрінсіз қалмауы үшін тез арада мердігерді анықтап, ұзындығы 2 шақырымнан асатын ескірген құбырды шұғыл ауыстыру туралы шешім қабылдаған еді. Тұрғындар бүгін редакциямызға хабарласып, ауылға ауызсу келгенін айтып, сүйіншіледі. Ақшидегі ауызсу тапшылығы мәселесін біз бұған дейін де бірнеше рет көтерген едік.
———————————————