Оралда FREEDOM HOLDING CORP компаниясының бастауымен екі нысан пайдалануға берілді

Оралда FREEDOM HOLDING CORP компаниясының бастауымен екі нысан пайдалануға беріліп, болашақ үстел теннисі орталығының қадасы қағылды. Алғашқысы – мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт кешені. Құны 820 миллион теңге және 200 адамға есептелген. Қалада ботаникалық бақтың ашылуы да – маңызды жобалардың бірі. Былтырғы су тасқыны салдарынан бұған дейін басталған істің баарлығын су шайып, жұмыстар тұралап қалған болатын. Бұл жерде еліміздегі жасыл экономика саясаты негізінде түрлі ғылыми зерттеулер мен кездесулер, жастарға арналған танымдық іс-шаралар өткізу жоспарланған. Ал шаһарда жаңадан бой көтерген Ақжайық шағын ауданында үстел теннисі орталығының қадасы қағылды. Мұнда 76 көп қабатты тұрғын үймен қатар түрлі әлеуметтік нысан, мектеп пен аурухана, емхана бой көтереді.
ТИМУР ТУРЛОВ, FREEDOM HOLDING CORP БАС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
— Бұл нысандардың іске қосылуына біздің компания барын салды. Бұл істе достарымыз, жергілікті әкімшілік қолдау көрсеткенін атап өткім келеді. Мұндайда мемлекеттің қолдауы болмаса, бастамалардың да жүзеге асырылуы екіталай. Іске қосылған нысандар бұқаралық спортты дамытуға, еліміздегі ғылымның дамуына үлесін қосып, қаланың келбетіне көрік қосады деген сенімдемін.
———————————————