Мүгедектігі бар балаларға тіл тигізген блогер қамауға алынды | 02.12.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ЕКІ ОҚУШЫНЫ КӨЛІК ҚАҚТЫ
Ақмола облысына қарасты Қоянды кентінде сабаққа бара жатқан екі оқушыны көлік қағып кетті. Оқиға болған жерде басқа оқушылар мен ата-аналар жүрген. Дереу жедел жәрдем шақырып, екі қыз бала Астанадағы ауруханаға жеткізілді.

ҮЛЕСКЕР ҮЛЕСІН СҰРАЙДЫ
Ақтөбедегі «Аружан» тұрғын үй кешенінің үлескерлері 5 жыл бойы өз баспанасына қол жеткізе алмай жүр. Ақшасы толық төленген, бірақ 4 жыл бұрын аяқталуға тиісті құрылыс әлі бітпеген. Кейбір пәтерді бірнеше адамға сату дерегі де анықталып отыр.

ӨТІРІК ЕҢБЕК ШАРТЫ
Жүкті әйелдерді шартты түрде жұмысқа тұрғызып, оларға тиесілі жәрдемақыны өзара бөлісіп отырған. Павлодарда кәсіпкерлердің сыртынан еңбек шартын жасап, ақша тауып келген топтың әрекеті әшкере болды. Олар 200 млн теңге тапқан.

АВТОЛИЗИНГ ШАРТЫ
Автолизинг кімдерге бұйырады? Көлік алуды жеңілдетуге арналған жаңа бағдарламаның іске қосылғанына екінші күн. Қанша адам көлікті болды? Жалпы бағдарламаға қатысудың шарты қандай?

ЖӘДІГЕР ЖИНАЙТЫН РОБОТ
Семейлік жасөспірімдер құлтемірге жан бітірді. Жас өнерпаздар соғыс жылдарынан қалған жәдігерлерді іздейтін робот ойлап тапты. Ақылды құрылғы археологиялық және әскери жәдігерлерді жазбай таниды.
———————————————