Азаматтық некедегі әйелін өлтірген ер адам 18 жылға сотталды

«Азаматтық некедегі әйелін өлтірді», деп айыпталған ер адам 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Ерлі-зайыпты қыздарының тойына барған. Той тарқап, үйге келген соң, жанжал басталған. Қайтыс болған әйелдің туыстарының айтуынша, ері оны қатты соққыға жығып, беті мен мойынын пышақпен тіліп тастаған. Содан соң пәтерді жинап, жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер 40 жастағы әйелді ажалдан арашалап қала алмаған. Оның соңында үш қызы қалған. Кішісі 15 жаста. Ал айыпты ер адам сот үкімін жұмсартуды сұрайды.
———————————————